Медициналық сақтандыру нарығы 2032 жылға дейін 4 жарым трлн-ға дейін артады
|

Болжам бойынша бұл сала жылына 9,7%-ға өседі. Бұл жайында islam.kz порталы Insurance Asia (insuranceasia.com) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Fortune Business Insights ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, жаһандық медсақтандыру нарығы өткен 2024 жылы 2,14 трлн-ды құраса, 2032 жылға таман бұл көрсеткіш 4,45 трлн долларға жетпек. 2025-2032 жылдар аралағында бұл нарық жылына 9,7%-бен өседі. Аталған нарық, әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағында өркендеп келеді. Бұған цифрлы технология ықпал етіп отыр. Дәлірегі, Оңтүстік Корея, Қытай және Үндістанда халық санының көптігі де осы нарықтың жылдам өсуіне себеп болмақ. Бұған қоса, дертке шалдыққандар қарасының артуы, жазатайым оқиғалар мен медициналық шығындар аталмыш нарықтың өсуіне ықпал етпек. BMJ Global Health мәліметіне сәйкес дамушы елдерде аталмыш нарықтың өсу қарөыны бәсең: табысы төмен елдердегі өсу көрсеткіші 7,9%-дан аспайды жылына. Ал табысы мүлдем елдерде медициналық сақтандыру халықтың 27,3%-н ғана қамтыған.




