|
Медресенің фото-суреті жапондардың оқулық мұқабасын безендірді (фото)
|
Самарқандағы күллі әлемге әйгілі Регистан кешенінде орналасқан «Шердор» медресесінің фото-суреті Жапониядағы орта білім беретін мектептің 9-12 сынып оқушыларына арналған «Бүкіл әлемдік тарих» оқулығының мұқбасында бейнеленген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өзбекстанның мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметіне жөн сілтеген Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, аталмыш оқулық күншығыс еліндегі аса ірі «Yamakawa Shuppansha Ltd» баспасында әзірленген. Бұл оқу құралы сәуір айында басталатын жаңа оқу жылында тарих оқулығы ретінде пайдланылады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді