|
Меккеде қажыларға тегін стоматология кабинеті ашылды
|
Саудияның денсаулық сақтау министрлігі қасиетті Харам мешітінің маңында тісі қақсаған қажылар үшін тегін, шағын тіс емханасын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаны құзырлы органдар Asen деп аталатын жекеменшік медицин компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Стоматологияның ашылуы үлкен жетістік, өйткені, ол қажылардың қажылық рәсімдерін орындаудан алшақтататын тіс ауруынан арылуға көмектеседі. Емхана қазірдің өзінде мыңнан астам адамға көмек көрсетті», - деді Asen жетекшісі доктор Мұхаммед Низар Шәйбы. Бұл емхана тәулік бойы жұмыс істейді. Онда 32 тіс дәрігері жұмыс істейді, барлық қажетті құрал-сайманмен жабдықталған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті