|
Меккедегі төтенше жағдайдың ықтимал себебі айтылды (видео)
|
Қасиетті Мекке шаһарында қажылық кезінде орын алған, 717 адамның өмірі қиылған және 863 адам жарақат алған төтенше жағдайдың ықтимал себебі айтылды. Сауд Арабиясы билігі, дәлірегі, осы елдің ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Мансұр ат-Түрки осы төтенше жағдайға байланысты өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасап, бұл төтенше жағдай түрлі бағытта жылжыған қажылардың екі тобының, атап айтқанда, 204 пен 223 жолдарының қиылысқан жерінде кездесіп қалуынан орын алған. Ал елдің денсаулық сақтау министрі Халид Фаляхтың айтуынша, бұл төтенше жағдайға әр елден келген қажылардың кезек кестесін сақтамағандығы себеп болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, саудиялық билік қажыларға кезегі жазылған кестені таратқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр