|
Мектептен мешіт саны асып кеткен. Мемлекет басшысы пәрмен берді
|
Мешіт саны мектептің санынан көп.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмони соңғы уақытта хашара (тегін) әдісі бойынша елде 5 мыңдай мешіт салынғанын айтып, жомарттық жасаушыларға енді мектеп, аурухана салуға кеңес берді, деп жазады bugin.kz.
"Биыл 130-дан астам жаңа мектеп салынды. Бірақ, оқушыларға орын әлі жетпей жатыр. Келесі жылы тағы 180 жаңа мектепті іске қосамыз" - дейді ел президенті.
Айта кетейік, Тәжікстанда 4 мыңға жуық білім ошағы бар. Яғни, мешіт саны мектептің санынан көп екендігін білдіреді. Сонымен қатар, президент білім сапасының төмендеп бара жатқанына алаңдап, әрбір тәжік азаматы жылына 5 кітап оқуы қажет екендігін алға тартты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр