Мемлекеттік дума татудан арылуға шақырды
Мемлекеттік дума татудан арылуға шақырды
4 ай бұрын 912 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ

Олег Матвейчев есімді Ресей Федерациясының заң шығарушы органының мүшесі, яғни, мемлекеттік дума депутаты болашақ үшін денедегі инемен піспектеп салынған суреттен арылуға шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы Life.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутат татуды адамның сұрқын қашыратын ең жексұрын сән деп атады. Оның айтуынша, жұмыс беруші кейін татумен «таңбаланған» адамдарды қызметке алғысы келмейтінін, тіпті, алған күннің өзінде клиенттерді шошытып алмас үшін денесіне сурер салдырғанғанды қызмет бабымен өмсірмейтінін, дәлірегі, жауапкершілігі жоғары мемлекеттік қызметке ала бермейтінін және топ-менеджер етіп тағайындамайтынын жеткізді. Адамдар тек денесін бьүлдіріп қоймай, сонымен қатар, өз болашағына балта шабады. Бұл жат әдетке жастардың үйір келетінін алға тартқан тағы бір депутат Татиана Буская бұл ойланбай жасалған әрекеттің зардабын кейін тартатынын түсйіне бермейтінін қынжыла жеткізді. Денесін сурет салдырған қоғам арасында түрмеге отырып келген бұрынғы қылмыскерді еске түсіретінін де жасырмады. Әлбетте, тату – субмәдениет түрі. Дегенмен, мәдениет деуге келмейтін, керісінше азғындықты насихаттайтын құралға айналған.

0 пікір
Мұрағат