Менингококкты жұқпаға қарсы екпе алмаған тұлғалар биылғы қажылықтан бас тартуға мәжбүр
|

Сауд Арабиясы Патшалығына қажылық сапарына шығушылар әртүрлі себептермен (қарсы айғақтар мен басқа себептер) менингококкты жұқпаға қарсы екпе алмаған тұлғалар биылғы жылы қажылықтан бас тартуына мәжбүр болады. Оларға қойылатын міндетті талап – менингококкты жұқпаға қарсы міндетті екпені қажылыққа шығардан кем дегенде 10 күн және ең көп дегенде 3 жыл бұрын алуы тиіс. Бұл туралы Жамбыл облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен хабарлап отыр.
Басқарманың жіберген ақпараты бойынша шетелге, әсіресе Таяу Шығыс елдеріне сапарлап кетіп бара жатқан тұлғаларға, бірнеше алдын алу шараларын орындау ұсынылады:
1. науқас адамдармен жақын қатынасудан аулақ жүру;
2. ауру белгілері (жөтел, түшкіру) бар адамдармен қатынасу кезінде бірреттік бетперделерді қолдану;
3. қолды жиі жуып тұру;
4. көз, мұрын және ауызға кір қол тигізбеу;
5. жануарлармен қатынасудан аулақ жүру;
6. және аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда медициналық қызметкерлерге бірден қаралу.
Таяу Шығыс респираторлық синдромының коронавирустық жұқпасы туралы Таяу Шығыс респираторлық синдромы – тыныс алу органдарының қабынуы, ауруды шақыратын жаңа вирус 2013 жылы «Таяу Шығыс респираторлық синдромының коронавирусы» (MERS-CoV) ресми атауына ие болды.
«Вирус адамнан адамға ауа арқылы ауру жұқтырған тұлғамен тығыс қарым-қатынас барысында жұғады, сонымен қатар ауру жануарлармен қарым-қатынас кезінде және ауру жануардың сүтін тұтынғанда жұғуы мүмкін. Жаңа вируспен шақырылған аурудың алғашқы жағдайлары 2012 жылдың қыркүйек айында Сауд Араб елінде тіркелген» делінген хабарламада.
2015 жылдың жазына таман ауру жағдайлары 23 астам елдерде тіркелді, оның ішінде Сауд Арабиясы, Йемен, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Катар, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Греция, Тунис, Мысыр, Малайзия, Тайланд, Оңтүстік Корея және басқалар. Ауру жағдайларының көбі, әсіресе бірінші жағдайлар жедел басталып, ауыр өтті және жартысы өліммен аяқталды. Жұқпаның негізгі белгілері дене қызуының 38 градусқа және одан жоғары көтерілуі, жөтел және ентігу. Бүгінгі күні жұқпаға қарсы вакцина мен емдеудің арнайы құралдары жоқ.




