|
Мешіт отқа оранды (видео)
|
Австралияның Виктория штатына қарасты Джилонг қаласындағы орталық мешіт толықтай өртеніп кетті. Апаттан зардап шеккендер туралы әзірше дерек жоқ. Алдын ала хабар бойынша, өрт сөндіруші қызмет көліктері уақиға орнына жеткен уақытта ғимарат толығымен отқа оранған. Алапат өрт мешіт шатырын ортасына түсірді. Өрттің шығу себебі де әзірше жария етілмеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт пайда болғанға дейін жарылыс дауысын естілген. Джилонг қаласы өрт қызметі басшылары төтенше жағдай себебі көптеген сауал тудыратынын жеткізді. «Өрт қызметі мен полицияның пікірінше, өрт себебі өте күмәнді. Қазір біз зерттеу, тергеу амалдарын жүргізудеміз» дейді өрт қызметі басшысы Марк Синкинсон.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді