|
Мешітке шабуыл жасағандар жазасын алды
|
Британия соты өткен жылы Блэкпул мешітіне шабуыл жасаған төрт вандалды абақтыға жапты. 21 жастағы Томас Эштон, 31 жастағы Эндрю Уорнер, 25 жастағы Трэвис Крэбтри және 28 жастағы Стивен Уайт мешіт ауласына доңыздың басын лақтырып кеткен болатын. Қылмыскерлер мұндай келеңсіздікке діни араздықты қоздыру үшін барғандарын мойындады. Аталмыш мешіт имамы оларды кешіргенімен қаскүнемдер соттың жазасынан құтылмады: 7 айдан 14 айға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді