Мешітке шабуылды тұрмыстық қылмыстың қатарына жатқызды
Мешітке шабуылды тұрмыстық қылмыстың қатарына жатқызды
9 жыл бұрын 2766

Үндістан билігі мешіт пен шіркеуге жасалған шабуылдарды діни араздық пен арандатуға бастайтын қылмыстың емес, тұрмыстық деңгейдегі қылмыстың қатарына жатқызып отыр. Үндістанның қаржы министрі Арун Жейтлидің бұлай мәлімдеме жасауына осы елдегі мұсылмандар мен христиандардың өздерінің құлшылық үйлеріне жиі шабуыл жасалатынын айтып, шағымданғаны себеп болған еді. Мұндай пікірді бұрын Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди де білдірген болатын. Өткен жылы бұл елде ондаған шіркеу тоналды, мұсылмандар мен христиандарды индуизмге мәжбүрлеп өткізуге талпыныс жасалды. Бұл елдегі діни азшылықты құрайтындардың құқығы жиі тапталады. Билік тізгіні Халықтық партияның қолына тиісімен мұсылмандарға қысым күшейді. Бұған қоса, мұсылмандар көптеп шоғырланған Кашмир және Жамму штаттарында индустар жиі қоныстана бастады. Палестинадағы еврей келімсектері секілді. Сөз реті келгенде айта кетейік, бұл елдегі мұсылман жамағатының қарасы халықтың жалпы санына шаққанда шамамен 14 пайызды құрайды.

0 пікір
Мұрағат