|
Монах та исламофобияның құрбанына айналды
|
АҚШ-тың Орегон штатында будда монахы Козен Сэмпсон исламофобтан жәбір көрді. Тарқатып айтқанда, итін ертіп шыққан оны мұсылманмен шатастырып, көшеде жанына келіп тоқтаған автокөліктен әлдебір исламофоб дауыс көтеріп, балағаттаған. Онымен қоймай, автокөлігінің есігін әдейі қақ маңдай қарсы алдынан қасақана жұлқи ашып, нәтижесінде монах бір сәт есінен танып қалған. Басынан жарақат алған 66 жастағы монах тілшілерге берген сұхбатында: «Мұсылмандар мұндай жағдайға күнде тап болады. Олардың қандай қиын жағдайда жүргенін өз басымнан өткергендей болдым», - деді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «New York Daily News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді