Моңғолиядан 1,1 млн тонна таза мыс қоры табылды
Моңғолиядан 1,1 млн тонна таза мыс қоры табылды
3 ай бұрын 626 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Моңғолия аумағынан аса ірі мыс кеніші табылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде MiddleAsianNews ақпарат көзіне жөн сілтеген centralasia.media сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геологиялық барлау жұмыстарының алдын ала нәтижесі бойынша Ойут кенішіндегі мыс қоры 357 млн тоннаны (таза мыс құрамы 0.32%) құрайды. Осы қордың өзін 30-35 жыл игеруге жетеді. Аталмыш жобаның артықшылықтарына тоқталсақ, бұл кен орны Ерденет-Обо кенішінен 10 шақырымға жетпейтін жерде және Өнеркәсіптік-технологиялық парктің жолы мен инфрақұрылымынан 3 шақырым қашық жатыр. Бұл фактор жаңа кен орнын игеруге көп шығын шығармай игеруге мүмкіндік береді. Осы орайда 1972 жылы ашылған Ерденет-Обо комбинатында 47 жылдық тәжірибесі бар жұмысшылар мен білікті мамандар жұмыс істейтінін айта кетпекпіз. Бұл да аталмыш кен орнын игеруге көмектеседі. «Ойут» кенішіндегі таза мыс қоры – 1,1 млн тоннадан асады. Моңғолия эккономикасына серпін беруі тиіс бұл жоба бойынша мемлекет қазынасы толады және жергілікті бюджет тапшылығы болмайды. Бұдан бөлек, салық түсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

0 пікір
Мұрағат