|
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) суреті салынған журнал шығатын болды
|
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) суреті бейнеленген Charlie Hebdo журналы тағы да шығатын болды. Тіпті, 3 млн данамен шығаруды жоспарлап қойыпты. Онда Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақ киім киіп, қолына "Мен Шарлимін" деген жазу ұстап тұратын көрінеді. Астындағы қара жолақта "Бәрі кешірілді" деп жазылатын болады" деп хабарлайды РИА новости.
Журнал ертең 14-қаңтар, сәрсенбі күні шығады. Естеріңізде болса, осы журналдың редакциясы осыдан алдын белгісіз қарулы топтың шабуылына ұшыраған болатын. Журналдың қорғаушысы Ришар Малка дүйсенбі берген сұхбатында журналдың алдағы санында Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) бейнеленген және өзге діни, саяси карикатуралардың шығатынын мәлімдеген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды