Мұнай-доллар жүйесіне қауіп төнді
Мұнай-доллар жүйесіне қауіп төнді
7 сағат бұрын 69 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Raju Shinde / Hindustan Times via Getty Images

Үрміз бұзағының бұғатталауы мұнай-доллар жүйесіне қауіп төндірді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытай банкінің бас экономисі Сао Иунжен мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай сарапшысының түсіндіруінше, мұнай бағасы доллармен белгіленеді. Осылайша америкалық валюта осы ресурсқа байланған. Яғни, мұнай доллардың үстемдігіне кепіл болып отыр. Мұнай экспорттап, долларман табыс табатын елдер оны әдетте Америка құрама штаттарының экономикасына қайтарады – америкалық қазыналық құнды қағаздарын сатып алу арқылы. Ал бұл жайт доллардың эмиссиясы мен пайыздық мөлшерлемеде көрініс табады. Осылайша мұнай ресурсы доллардың маңызды зәкірі ретінде қызмет атқарады. Ал Үрміз бұғазынан экспортталатын жаһандық мұнай ресурсының төрттен бір бөлігі тасымалданады. Егер танкерлер бұғаздан өте алмаса Азия елдері мұнай сатып ала алмайды, ал экспортаушы тарап сата алмайды. Қытай сарапшысының топшылауынша, бұл жайт халықаралық төлем құралы саналатын доллар үстемдігіне үлкен соққы болмақ. Мұнай-доллар қайтпаса, АҚШ-тың ақша эмиссиясы мен қаржысының негізі шайқалады.

0 пікір
Мұрағат