|
Мұсылман әйелі тоқал алған күйеуімен 14 жыл бойы соттасып келеді
|
Үндістанда мұсылман әйел өзінің келісімінсіз және өзіне хабарламай тоқал алған күйеуін сотқа берген болатын. Алайда, сот төрағасы осы даулы мәселеге қатысты зайырлы қоғамға тән заңды шариғат талаптарымен ұштастыра алмай басын қатыруда. Бұл жайында IslamNews порталы Times of India ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Тарқатып айтқанда, Гүджарат штатының тұрғыны Сажибану үйленгеннен кейін біраз уақыттан кейін төркініне қайтып кеткен еді. Күйеуі жәбірлегені үшін. Екі жылдан кейін оның күйеуі тоқал алған. Бірақ, бұл қадамын бәйбішесіне айтпаған. Сажибану сот арқылы күйеуінің екінші некесін бұздыру үшін оның үстінен шағым түсірген болатын. Сот талқысы бірнеше жылға созылса да бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Зафар Аббас Мерчант (күйеуінің есімі – ред.) сот мәжілісінде ислам дініде екінші рет рұқсат берілгенін алға тартып отыр. Ол үшін бірінші әйелдің келісімін алудың шарт емесін жеткізді. Алайда, индуст сот төрағасының жауабы басқаша болды: «Мен сот төрағасымын. Мен бұл мәселені шешуім керек. Мені дұрыс түсініңіздер. Мен ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Бір ғана Құдай бар үкім шығаратын. Олай болса, неге әр қоғамның ережесі әр түрлі?»,- деді ол. Осы мәселеге қатысты сот мәжілісіне шақырылған ислам срапшысы Құдайдың бүкіл адамзат үшін заң жаратқанын, сол себепті, бастапқы кезде барлық дінде көп әйел алуға рұқсат берілгендігін жеткізді. Бұл сот талқысының созылғанына, міне, он төрт жылдың жүзі болды.