|
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
|
Индонезия халқының санының көптігіне әрі оңтүстік-шығыс Азияның өзге елдері секілді негізгі тағамы болғанына қарамастан күрішті сырттан тасымалдаудан келесі жылы бас тартпақшы. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия күрішті тұтыну үшін, өнеркәсіпте пайдалану үшін енді импорттамайды. Өйткені, ішкі өнімнің өзі ішкі сұранысты толық қанағаттандыра алатын деңгейде жеткілікті жиналған. Бұл шешім жуырда Жакартада өткен Үйлестіруші азық-түлік қауіпсіздігі министрлігінің, Сауда министрлігінің және Орталық статистика агенттігінің аға басшылары қатысқан алқалы жиында жарияланды. Десе де Индонезия күрішті экспорттаудан да бас тартпақшы. Билік өнеркәсіп министрлігінің 2026 жылы өнеркәсіптік пайдалану үшін шамамен 381 000 тонна күрішті импорттау ұсынысын қабылдамады. Индонезияның бұл тараптағы (күріш импортынан бас тарту) сенімі 2025 жылы күріш пен жүгерінің импортын тоқтатқан кезде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігіндегі негізгі жетістікке айналған қуатты ауыл шаруашылығы көрсеткіштеріне негізделген. 2025 жылдың орта шенінде күріш қоры рекордтық деңгейге - 4 миллион тоннаға жетті. Бұл шама нарықты тұрақтандыруға және апаттан зардап шеккен аудандарды қолдауға көмектесті. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы күріш өндірісі 34,77 миллион тоннаға дейін жетуі ықтимал, яғни, бұл шама президент Прабово Субианто әкімшілігінің қолайлы ауа райы мен фермерлерді қолдау саясатының арқасында өткен жылмен салыстырғанда 13,54% -ға артық. Жыл соңына дейін жүгері өндірісі шамамен 4 миллион тоннаға жетеді, бұл шама ішкі тұтыну мен құс шаруашылығы үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз етеді. Осы орайда тарихта күріш импортына шектеу қою оқиғаларының тым сирек кездесетінін айта кетпекпіз.