Мұсылман елі табиғатта сирек кездесетін металдар нарығында позициясын нығайтып келеді
Мұсылман елі табиғатта сирек кездесетін металдар нарығында позициясын нығайтып келеді
3 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Rick Bowmer / AP / TASS

Малайзия табиғатта сирек кездесетін металдардың әлемдік индустриясының картасында барған сайын маңызы артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін бұл секторға толығымен Қытай ие болған еді. Әлем елдері геосаяси шиеленіске байланысты Қытайға тәуелділікті азайтуға ұмтылып жатыр. Осы орайда Малайзия баламалы өндірістік тізбектердің тірек аймақтардың біріне айналып келеді. Бұл тараптағы процесс тек өндірістен ғана тұрмайды, қайта өңдеу - ең күрделі және технологиялық тұрғыдан ауыр кезең. Электронды бұйымдарға, электрмен жүретін көліктерге мен жасыл энергетикаға арналған компоненттерді шығару тікелей өңдеу саласымен тікелей байланысты. Малайзияда бұл тауашаны алу үшін барлығы бар: дамыған өнеркәсіптік база, ыңғайлы логистика, шетелдік инвестициялар үшін ашықтық, т.б. қолайлы жағдайлар қарастырылған. Оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау мұсылман елі бірте-бірте Америка құрама штаттары, Еуропа және Азия нарықтарына табиғатта сирек кездесетін жер материалдарын жеткізетін маңызды хабқа айналып келеді. Малайзия, тіпті, бұл индустрияда АҚШ-пен және Австралиямен бір қатарда тұруға бір табан жақын қалды десек те болады. Десе де әлем елдері  осы нарықтан Қытайды тікелей ығыстыра алмайды. Қытай мейлінше икемді тәсіл көрсетіп отыр. Оның компаниялары халықаралық жобаларға белсенді түрде қатысып келеді, озық технологиялар мен шикізаттың мол қорын жеткізуде. Оның үстіне, Бейжің экологиялық лас өндірістерді елден тыс жерлерге көшіруден жанама пайда алады. Қытай үшін бұл ішкі қайшылықты азайтудың және жаңа шарттарға - сауда шектеулері мен санкциялық тәуекелдерге бейімделудің тәсілі. Табиғатта сирек кездесетін металдарды жеткізу тізбегінде Малайзияның рөлін нығайту индустрияны қайта бөлудің неғұрлым кең процесінің қарқын алғанынан хабар береді.

0 пікір
Мұрағат