Мұсылман елі тыңайтқыш нарығында алғашқы бестік құрамына кірді
|

2024 жылы Марокко әлемдегі тыңайтқыш экспорттаушы жетекші елдер арасында бесінші орыннан көрінді. Осылайша жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласында маңызды рөл атқаратын тыңайтқыш экспорты 5,2 миллиард долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдағы 5,45 миллиард доллармен салыстырғанда сәл төмен. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігінде жариялаған деректерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасы мен ұлттық мәліметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы бестік құрамындағы елдерге келсек, Мароккодан өзге Ресей Федерациясы бұл нарықта өткен жылы да снакцияға қарамастан көшбасшылығын сақтап қалған екен – 13 млрд доллардан асады, дәлірегі, әлемдік тыңайтқыш нарығындағы үлесі - 22%-дан асады. Ал Қытай екінші орынға иек артқан – 8,5 млрд доллар, әлемдік тыңайтқыш экспорт мөлшері - 14%. Негізінде Қытай 2023 жылы бұл нарықтан 9,7 млрд доллар пайда түсіргенін айта кету керек. Үшінші орынға Канада табан тіреген - 6,7 млрд доллар, әлемдік тыңайтқыш нарығындағы үлесі - 11%. Одан кейінгі орынға жайғасқан Еуропалық Одақ бұл нарықтағы 10,9% үлесімен өткен жылы 6,6 млрд доллар табысқа кенелген. Марокко құрамында фосфор кездесетін тыңайтқыш өндірушілердің аса ірі ұйымы - OCP Group арқылы жоғарыдағыдай пайда тапқан. Америка құрама штаттары - 5,17 млрд доллар; Сауд Арабиясы – 5 млрд доллар. Бұл елдерден бөлек, Мысыр, Малайзия және Израил де осы нарықта өз үлестеріне ие. Мәселен, 2024 жылы оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман мемлекеті – Малайзия шамамен 823 млн долларға тыңайтқыш экспорттаған.




