Мұсылман елінің жаңа қылмыстық кодексі: туристерге нені білу керек
Мұсылман елінің жаңа қылмыстық кодексі: туристерге нені білу керек
1 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2022 жылы қабылданғанымен биылдан бастап, дәлірегі, қаңтар айында қолданысқа енген Индонезияның жаңа қылмыстық кодексінде қарастырылған талаптарға сәйкес некесіз төсек қатынасына түсу, азаматтық неке (заңсыз неке), көзге шөп салу, қысқасы, зинақорлықтың барлық түрі, сондай-ақ, елдің көзінше ішімдік тұтыну қылмыстық іске жатқызылады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоғамды іштен ірітетінғ азғындыққа бастайтын мұндай әрекеттер үшін көзге түскендер тек айыппұл “арқалап” қоймай, сонымен қатар, кем дегенде алты айға дейін бас бостандығынан айырылады. Дегенмен, оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің халықтың құқықтық орталығының негізін қалаған Ретно Мурни есімді заңгер сарапшының news.com.au дерек көзіне айтуынша, туристер тарапынан не туысы (ата-анасы, заң бұзған тұлғаның баласы, т.б., некедегі әйелі немесе күйеуі шағымданғанда ғана іс қаралады немесе іс қозғалады. Шетелдік саяхатшыларды серігімен бірге тұрғаны үшін оны полция тінте алмайды немесе жауапкершілікке тартуға құқығы жоқ. Тек жазбаша арыз негізінде ғана полиция әрекет ете алады. Ал қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, жалған құжат жасатып көзге түскендер де жазасыз қалмайды. Қоғамдық орындарда ішімдік тұтынып, елдің мазасын алса немесе тәртіпсіздікке барса, кінәлі тұлғаға 10 млн рупи (867 доллар) айыппұл салынады. Төлқұжат, уақытқа тұру ықтиярхаты, т.б. секілді құжаттарды қолдан жасап, алаяқтыққа барса, ірі мөлшерде айыппұл салынып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Осы орайда Индонезия есірткі қылмысы немесе заң жүзінде қолдануға, тұтынуға, сақтауға тасымалдауға қатаң тыйым салынған өзге де заттар бойынша заңнамасы ең қатал санаулы елдердің бірінен саналады.

0 пікір
Мұрағат