|
Мұсылмандар егеуқұйрықтардың көзін жоюға кірісті
|
Бангладештің мұсылмандары егеуқұйрықтардың көзін жоюға кірісті. Неғұрлым көп өлтіргендеріне ақшалай сыйлық беріледі. Бұл жайында IslamNews порталы Al Arabiya ақпарат көзі сілтеме жасай отырып хабар таратты. Ел билігінің мәліметіне қарағанда, бенгалдық фермер Әбдіхалық Мирбохор соңғы жылдың ішінде 161 220 егеуқұйрықтың көзін жойған. «Мен егеуқұйрықтардың көзін 1996 жылдан бері жоюмен айналысып келемін. Олар – елдің жауы. Олар дәнді дақылдардан түк қалдырмай, ауру таратады»- деді 55 жастағы фермер өзін марапаттау шарасында сөйлеген сөзінде. Әлем бойынша халқы ең тығыз орналасқан Бангладеште егеуқұйрықтар ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіруде. Билік олардың көзін жойғандарға ақшалай сыйлық беріп, ынталадыру шарасын жүргізіп келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр