|
«Мұсылмандар НАТО-сы»: Түркия аймақта маңызды қадам жасайды
|
Түркия Сауд Арабиясы мен Пәкістан одағына қосылуға дайын. Бұл қадам аймақтағы күштердің арасалмағын өзгертеді. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия бұл тарапта Саудия мен Пәкістан арасында өткен жылдың қыркүйек айындағы стратегиялық келісімге қосылу үшін келіссөзді белсенді түрде жүргізіп келеді. Bloomberg іскерлік агенттігінің дерегінше. Саудия мен Пәкістан аарасындағы аталмыш стратегиялық келісімге сәйкес екі елдің қайсысына шабуыл жасалса, мұндай әскери операция мемлекетке жасалған қастық ретінде бағаланады. Түркия осы одаққа қосылуға неге мүдделі деген сауалдың жауабына келсек, Америка құрама штаттарының Таяу Шығыстағы Израилге басымдық беруі себеп болып отыр. Бұл одаққа егер Түркия қосылса, қуатты альянысқа айналуы мүмкін. Саудия қаржылай және энергетикамен қамтамасыз етсе, Пәкістанның ядролық арсеналы мен баллистикалық зымырандары, ал Түркияның әскери тәжірибесі мен жетілген қорғаныс өнеркәсібі Азия құрлығындағы ірі одақтың негізін қаламақ. Түркия флотқа арналған Пәкістанның корвет құрылысына және F16 жойғыштарын жаңғырту бағдарламасына қатысады. Сондай-ақ, Анкара дронның технологиясын Сауд Арабиясымен және Пәкістанмен бөліседі. Қазір Түркия оларды бесінші буын жойғыш «Кан» бағдарламасына біріктіргісі келеді. Бұл бағыттағы келіссөз Пәкістан мен Үндістан арасындағы төрт күндік қақтығыстан кейін өтіп жатыр. SIPRI мәліметінше, Пәкістан импорттайтын қару-жарақтың 11%-ы Түркияға тиесілі. Яғни, Пәкістанның қару-жарақ импортында Түркия екінші орын алады. Бірінші орында – Қытай.