Мұсылмандардың тұтынушылық революциясы белең алып келеді
Мұсылмандардың тұтынушылық революциясы белең алып келеді
25 күн бұрын 695 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің және оның саясатын қолдайтын одақтастарының тауарларына байкот жариялау науқаны тек мұсылман елдерінде ғана емес, сонымен қатар, еуропалық мемлекеттерде де күш алып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл науқан өз кезегінде тұтыну бастамасынан қоғамдық және саяси қозғалысқа ұласып келеді. Израил өндірушілеріне қарсы бағытталған қозғалыс өз аясын кеңейтіп, Газа секторындағы құнқұйлы әскер операцияға нақты ұстанымы жоқ Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниларының өнімдерін де қамтыды. Жер-жердегі ірі сауда желілерінде тұтынушылар, әсіресе, палестин диаспорасы мен шетелдік жқмысшылар цифрлы технологияларды наразылықты ұйымдастырудың негізгі құралына айналдырды. Қара тізімге енген тауарларды анықтауға көмектесетін No Thanks мобилді қосымшасына 5 миллионнан аса адам қосылған екен – осылайша науқанның бұрын-соңды болмаған ауқымын көрсетеді. Бойкот белсенділерінің бірі БАӘ билігінің жаппай қозғалысқа тап болған кезде қарсы шараларға көшкенін мәлімдеді. Дәлірегі, БАӘ билігі бойкотқа қарсы белсенді күресті бастады, оның аясында палестиналық белсенділер мен блогерлерді мемлекеттік қауіпсіздік органдарына шақырып, олардан түсінік алып жатыр, ал азаматтығы жоқ белсенділерді себептерін түсіндірмей елден депортациялауда. Қозғалысқа қатысушылардың айтуынша, жергілікті бөлшек сауда да қарсы тұру алаңына айналған. Шағын дүкен қожайындары, олардың ішінде Үндістаннан келгендер көп, сатып алушыларға Coca-Cola, Pepsi немесе Raffaello сияқты бойкот жарияланған өнімдерді қасақана ұсынады. Егер сатып алушы тауарды сатып алудан бас тартса, кейбiр сатушылар бұл туралы құпия қызметтерге хабарлайды. Бойкот Starbucks, McDonald's, KFC, Pizza Hut және Burger King сияқты америкалық ірі тез тамақтану желілері мен кофеханаларды қамтып, бакалея тауарларының шеңберінен асып кеткен. Қозғалыс өз нәтижесіне бере бастады: кейбір халықаралық өндірушілер мен ритейлерлер беделін сақтап қалуға және шығынды болдырмауға ұмтылып, Израилден алыстай бастады. Италияның ірі бөлшек сауда желілерінің бірі Coop Alleanza 3.0 Израил тауарларын сатудан бас тартып қана қоймай, сонымен қатар, Gaza Cola сусынын сатуды бастағанын да жария етті. Одан түскен барлық пайда Газаның қираған секторындағы медициналық инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады. Бұл қадам тұтынушылық белсенділіктің корпоративтік стратегиялар мен халықаралық гуманитарлық көмек арналарына тікелей әсер ете бастағанын көрсетеді

0 пікір
Мұрағат