Мұсылмман елінің аумағынан газ кеніші табылды
Мұсылмман елінің аумағынан газ кеніші табылды
1 ай бұрын 656 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұрын Mari Petroleum ретінде белгілі Mari Energies Limited (MPCL) компаниясы Пәкістанның Синд провинциясы аумағындағы Сужабал блогына қарайтын Soho-1 барлау ұңғымасында газдың елеулі қоры табылғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The Nation UAE ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, блоктағы 100% жұмыс үлесі бар жалғыз оператор ретінде Mari Energies өкілдері ұңғымада шаршы дюйм өлшем бірлігіне шаққанда 1 482,5 фунтты жоғарғы қысымында 64/64 футтық дроссел мөлшерімен алғанда тәулігіне 30,01 миллион стандартты текше фут газ (MMSCFD) бергенін растады. Қазіргі уақытта аталмыш кен орнының әлеуетін нақтылау бағытында бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда таяуда Пәкістанның энергетикалық саласында маңызды оқиға орын алғанын айта кетпекпіз: Хайбар-Пахтунхба провинциясында орналасқан Уәзірістан блогынан мұнай мен газдың аса ірі кеніші ашылған еді. MPCL-дің мәліметі бойынша Spin Wam-1 ұңғымасы тәулігіне шамамен 20,485 миллион текше фут газ және 117 баррел шикі мұнай шығарады. Ұңғыма ауызындағы қысым 3 431 фунт шаршы дюймды құрайды. MPCL блокта 55% акцияға ие, ал OGDCL 35%, Orient Petroleum 10% иелік етеді. Энергетика саласындағы сарапшылар бұл аймақта әлі ашылмаған кен орындары барын алға тартып отыр. Бұл аймақ Пәкістанды энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6