Мысырда 27 000 шағын мешіт пен құлшылық орындары жабылады
Мысырда 27 000 шағын мешіт пен құлшылық орындары жабылады
9 жыл бұрын 3597

Мысырдың әкімшілік соты намаз оқитын орын ауданы 80 шаршы метрден аз болып келетін шағын мешіттер мен құлшылық орындарын жабу туралы уақыптар министрлігінің 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдаған шешімін өз күшінде қалдырды. Бұл жастарды жұма намазын өткізуге заңдық негізі жоқ осындай орындарда радикализм мен экстремизмнен қорғау мақсатында қабылданған шешім болатын. Десе де, әкімшілік соттың бұл шешімімен келіспейтіндер де, сын айтқандар да бар. Наразылық білдірушілердің айтуынша, ауданы 80 шаршы метрге жетпейтін шағын мешіттер негізінен халқы аз ауылдық жерлерде көп. Олардың саны да осал емес – 27 мыңның ар жақ, бер жағында. Ол жердің жамағаты жұма намазын қалай оқиды? Міне, осындай мәселелерді шешіп алмай тұрып, бір жақты шешім қабылдау халқының дені мұсылман елінде қаншалықты қисынды? Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда мұндай шағын құлшылық орындарын көптеп ашу ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Олар мұндай құлшылық орындарын «баяу жарылатын бомба қойылған» жерге теңеді.

 

«Болашақ мұражайы» 2017 жылы ашылады

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі мен Дубай қаласының басшысы, шейх Рашид бен әл-Мақтұм «болашақтың мұражайы» деп аталатын жобаның құрылысын қолға алатынын мәлімдеді. Мұндай мұражайды ашудағы мақсат инновация мен технологияны дамытуда жатыр. Экспонат ретінде есептер, интерактивті көрсетілімдер, стимуляторлар жұрттың назарына ұсынылады. Бұған қоса, онда болашақ қалаларды жобалауға арналған осы заманғы шешімдер әзірленетін болады. Футуристік мұражай зерттеушілерді, дизайнерлерді, өнертапқыштарды және демеушілерді бір шаңырақтың астына жинайды. Олар үшін денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, көлік салалары бойынша жекелеген арнайы зертханалар ашылады. Мұндай орталық әлемде біреу ғана болуы мүмкін, ол 2017 жылы Emirates Towers зәулім үйінде ашылады.
http://muslim.kz/ru/news/5196-budushee-mojno-uvidet-uje-segodnya-video.html – ввидеосы лсы с3лтемеде

 

Катарда өзгеше көрме есігін ашты

 

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 4-і күні Катарда арнайы көрмелер галереясындағы Ислам өнерінің мұражайында «Ислам өнеріндегі ғажайып мақлұқтар» атты тегін көрме өз көрермендеріне есігін айқара ашты. Шілде айының 11-не дейін есігі ашық болады. Онда аңыздардың, ертегілердің және ғибратты әңгімелердің кейіпкеріне айналған, нақты өмірде болған, сондай-ақ, мифологиялық мақлұқтардың көркемдік бейнелері қойылған. Қысқаша айтқанда, отқа салсаң – күймейтін, суға салсаң – батпайтын, әуеде қалықтап ұша алатын классикалық бейнелер көрермендер назарына ұсынылады. Сонымен қатар, қолжазбалар да, маталар да, зергерлік бұйымдар да түрлі мәдениеттер мен ұрпақтардың талғамынан сыр шертетін болады.

 

Мұсылмандар Үндістанда 100 мектеп тұрғызады

Үндістанның Керала штатында орналасқан мұсылмандар ұйымы Уттар-Прадеш штатында жергілікті мұсылман оқушыларының лайықты білім алуы үшін 100-ге тарта мектеп тұрғызуды жоспарлап отыр. Осынау игі іске қадам басқан Sunni Yuvajana Sangam (SYS) ұйымы аталмыш жобаға шамамен 10 млрд үнді рупиін жұмсайды. Бұл қомақты қаражаттың көбісі тұрғындардың қайыр-садақасынан жиналған. Жоспар бойынша Уттар-Прадеш қалаларында бір-екі мектеп салынуы тиіс. SYS-тің жоғарғы кеңесінің мүшесі Әбдіхакім Азһари алдымен бастауыш және орта сыныптар үшін, артынан жоғары оқу орындары үшін білім беру ғимараттарын тұрғызатындарын жеткізді. Аталмыш ұйым тек мұсылмандар үшін ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге тұрғындар үшін де еңбектеніп келеді. Атап айтқанда, Уттар-Прадеш штаатындағы Пилибхит округінде қыздарға арналған техникалық институт пен Шахджаханпур қаласында тұрмысы төмен тұрғындар үшін медициналық амбулатория құрылыстарына кіріскендерін де жеткізді. Қайырымдылық ұйымы осы уақытқа дейін Батыс Бенгалияда 200, Жаммада 20 және Гуджааратта 5 бастауыш мектебін салып берген болатын.

 

 

Жаңсақ ұғымға тойтарыс беру үшін университет ашылады

 

Италияның оңтүстігінде орын тепкен Лечче қаласында жерорталық бизнесмендердің Confime конфедерациясының президенті Гиампьеро Халед Палладинидің (Giampiero Khaled Palladini) ұйытқы болуымен Үлкен ислам университеті тұрғызылады. Аталмыш жоба Италиядағы және Еуропа елдеріндегі ислам діні жайында жайлаған жаңсақ ұғымдар мен қате көзқарастарға тойтарыс беру мақсатында қолға алынады. Бұл жайында The Local басылымы хабар таратты. Ол аталмыш жобаның ресми тіркеуден өткенін қуана жеткізді. Осынау ислами іліммен сусындататын жоғары оқу орны кешенінде оқу ғимараты, асхана, спортқа арналған құрылғылар және мешіт болады. Оның айтуынша, жобаны негізінен араб инвесторлары, соның ішінде, Катар мен Кувейт бизнесмендері қаржыландырады. Университетте 5000-ғаа тарта студент философиядан, әдебиеттен және дінтанудан білім алады. Жоғарғы оқу орны Милан шаһарындағы католиктер университетінің үлгісінде салынады. Бұл оқу ордасында тек Италия студенттері ғана емес, сонымен қатар, шетелдік студенттер де білім ала алады.

 

Эр-Риядта 618 иммигрант осы жылдың басынан бері исламды қабылдады

 

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында исламға шақыру және жетекшілік ету басқармасы үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында, яғни, жыл басынан бері осы елден нәпақасын айыруға келген 618 еңбек мигрантының тура жолға түсіп, хақ дінді қабылдағанын жария етті. Олардың арасында Филиппин, Шри-Ланка, Франция, Непал, Эфиопия, Кения, Үндістан, Мадагаскар және Ганадан келген еңбек мигранттары бар. Аталмыш басқарма директорының орынбасары әрі шейх Әбдіхакім әл-Жассардың айтуынша, осы елдегі наным-сенімі өзгелердің жаппай исламға өту науқаны әдетте арнайы бағдарлама бойынша және жүйелі түрде жүзеге асырылады. Шетелдіктерге арналған сондай шаралардың бірі – «Терең тіл табысу форумы» дееп аталады. Бұл форумның аясында 927 адам қатыысқан 12 сессия өтті. Нәтижесінде 97 адам тілін кәлимаға келтіріп, шаһадат айтты. Мемлекеттік деңгейде қолға алынған тағы бір бағдарлама аясында, яғни, 3 айдың ішінде 43 дағуат (миссионерлік қызмет) ұйымдастырылыып, бұл шара 1294 адамды қамтыды. Нәтижесінде 119 адам исслам дінін қабылдады. Осы аралықта аталмыш басқарма ислам тақырыбын қозғайтын 5000 кітап пен аудиокассета таратты. Мұсылман болған 350 адам ұмраға (кііші қажылыққа) барды.

 

 

Исландия мұсылмандары ең үздік мешіт жобасына бәйге жариялады

Исландия мұсылмандар қауымдастығы исландиялық сәулетшілердің көмегімен елде тұңғыыш рет салынатын меешііттің ең үздік жобасына бәйге жариялады. Жақын болашақта бәйгеден оза шауып келген жоба бойынша салынатын мұсылмандардың құлшылық үйі ел астанасы – Рейкьявик қаласындағы адам аяғы үзілмейтін көшелердің бірінде тұрғызылады. Жеңімпаз атанған сәулетші жалпы қоры 5000000 исландық кронды құрайтын қаржының қаақ жарымын қанжығасына байлайды. Мешіт жобасы 2015 жылдың мамыр айының 26-на дейін қабылданады.

 

0 пікір
Мұрағат