|
Неміс азаматы исламды қабылдап, Кемал есімін иеленді
|
Түркияның Анадолысына (Анталия) туристік сапармен келген Германия тұрғыны Роберт Тейлор исламды қабылдап, зайырлы түрік қоғамын құрған Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне есімін иеленді. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Роберт Тейлор Түркия мен Еуропада гольф жабдықтарын сататын шетелдік компанияның дистрибьюторы. Анадолыда жүріп мешіттердің сән-салтанаты мен азанның қалай шақырылатына тәнті болып, исламды үйренуге ден қойған, артынша мұсылман болды. Серік ауданы мүфтиятында Ислам дінін қабылдау рәсімі кезінде имам Ыбырайым Көксал Роберт Тейлорға исламның негіздері туралы айтып берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады