|
Нидерланды Сауд Арабиясынан кешірім сұрайтын болды
|
Алдыңғы күні голландықтардың «Бостандық» саяси партиясының белді мүшесі Герта Вилдерстің исламға тіл тигізіп, шектен шыққан әрекеті үшін Сауд Арабиясының Нидерландыға қаатысты экономикалық санкция салатыны жайында хабарлаған едік. Осыған байланысты Нидерланды билігі Сауд Арабиясынан ресми түрде кешірім сұрайтын болды. Нидерландының сыртқы істер министрілігі екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынасты ретке келтіру үшін өз өкілін Сауд Арабиясына аттандырады.
Нидерландының орталық статискалық бюросының мәліметіне қарағанда, Сауд Арабиясындағы голландықтардың экспорты жылына шамамен екі миллиард долларды құрайды. Екі елдің арасындағы сауда айналымы жылына жеті миллиардқа жетіп жығылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)