|
Нью-Йорк қаласында жұма сайын мешіттерде дауыстап азан шақырылатын болды
|
Нью-Йорк басшысы Ерік Адам қасиетті жұма күні және Рамазан айында (ауызашарға байланысты) ақшам намазында дауыс зорайтқышпен азан шақыруға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әл-Жазира (الجزيرة) арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қала басшысы жарлықта айтылған мерзімде мешіттер тиісті әрі құзыретті орындардан алдын ала рұқсат алмай азан шақыра алатынын жария етті. Осылайша ол сайлау алдындағы уәдесінде тұрып, наным-сенім бостандығын, соның ішінде мұсылмандар құқығын қамтамасыз етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді