Өлім жазасы қолданылатын Еуропадағы жалғыз ел бұл бағыттағы заңнамасын қатайтты
Өлім жазасы қолданылатын Еуропадағы жалғыз ел бұл бағыттағы заңнамасын қатайтты
1 жыл бұрын 1011 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Беларусия кәрі құрлықтағы өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел. Аталған елдің палатасы бірінші оқылымда «Қылмыстық жауапкершілік мәселелері жөніндегі кодекске өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Осылайша билік басындағы мемлекетке опасыздық жасаған әскери қызметкерлерге жазаны қатайтатын норманы мақұлдады. Аталмыш заң жобасы Беларус қылмыстық кодексінің 356-бабының 2-бөлігінің санкциясына түзетулер енгізеді. Атап айтқанда, енді өлім жазасы республиканың лауазымды және әскери қызметкерлерін «мемлекетке опасыздық жасағаны үшін» қолданылмақ. Бұл заң жобасының негізгі мақсаты деструктивті элементтерге ықпал ету арқылы мемлекетке опасыздық жасаушыларға қарсы табанды күресуге саяды. Сонымен қатар, Беларус қарулы күштеріне зиян келтіруі және беделін түсіруі мүмкін «көрінеу жалған ақпарат» таратқаны үшін жауапкершілік енгізіледі. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 360-бабына (диверсия) түзетулер енгізіледі. Енді қылмыс жасау мақсаты «экономикалық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірудің» орнына «экономикалық және (немесе) әскери қауіпсіздікке зиян келтіру» деп танылатын болады. Бұл бап, егер қылмыстың алдын алған болса, диверсияға дайындық әрекеттері үшін адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы тармақпен толықтырылады.

Ресейде диверсанттарға қарсы заң қабылдануы мүмкін

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасына диверсияға жәрдемдескені үшін қылмыстық жаза мен жарылғыш заттарды жасауға қатысты ақпаратты таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы заң жобаларының пакеті ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ парламенттің төменгі палатасының қауіпсіздік комитетінің төрағасы Василий Пискаревке жөн сілтеген «Интерфакс» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы құжатта көзделген талаптарға сәйкес диверсиялық әрекеттерді жасағандарға ғана емес, сонымен қатар, оны ұйымдастырып, қаржыландырып, үгіт-насихат жүргізіп, оқытатындарға да жауапкершілік енгізіледі. «Біз диверсиялық әрекеттерге, қаржыландыруға, оқытуға жәрдемдескені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық», деді ресейлік депутат.

0 пікір
Мұрағат