|
Омырауын жалаңаштап түскен суретті ғаламторға орналастырған әйелдер жазаланады
|
Таиланд билігі елдегі әйел жұрағатына омырауын (біздіңше әурет жерін – ред.) жалаңаштап суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге орналастырғанды қатаң жазалайтыны турасында ескерту жасады. Қатаң жазалағанда да абақтыға жабады. Бұл елдің 2007 жылы қабылданған компьютерлік қауіпсіздік туралы заңында ғаламторға қоғамды дүрліктіретін және арсыздықты насихаттайтын материалды орналастырғандарға жаза қарастырылған. Таиландтың мәдениет министрлігі омырауын жалаңаштап түскен суретін әлеуметтік желілерге орналастырған әйелдердің бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты