|
Он жыл қатарынан азайып келе жатқан халық
|
Күншығыс елінің тұрғындары, міне он жыл қатарынан тоқтаусыз кеміп келеді. Ал ел астанасы – Токио қаласының тұрғындары жылдан жылға, дәлірегі, 22 жыл қатарынан көбеюде. Қазіргі уақытта Токиода 13 млн-нан аса адам тұрып жатыр. Аталған елдің жалпы ұлттық іс, жергілікті автономия және байланыс жөніндегі министрлік келтірген дерекке қарағанда осы жылдың басында, дәлірегі, қаңтар айының 1-і күні халық саны 125 млн 200 мың адамды құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 374 адамға аз. Ал өткен жылы туғандар саны 948-ден аспаған еді. Бұл көрсеткіш 1979 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып тұр. Ал аталған елде тұрақты тұрып қалатын шетелдіктер қарасы артып келеді – 2 млн 490 мың.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Цифрлы технология мұсылман елінің экономикасына серпін берді