Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші азайғалы бері 4 мыңнан аса мектеп жабылды
Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші азайғалы бері 4 мыңнан аса мектеп жабылды
2 күн бұрын 267 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халық санының азаюы мен туу көрсеткішінің төмендеуінен және қартаю процесінің қарын алуынан Оңтүстік Кореяда 4000-нан аса мектеп жабылған. Бұл жайында islam.kz порталы Korea Herald және Korea Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Демографиялық апатпен байланысты ұлттық қасіреттің ауқымдылығы соншалықты бүгінде ел аумағында бастауышы бар, орта білім беру мекемелері бар, жоғары сыныпты мектептерінен 4008 мектеп қаңырап қалған. Таңғы шық елінің білім беру министрлігі келтірген дерекке қарағанда, туу көрсеткішінің соңғы жылдары тым төмендеуіне байланысты жабылған мектептер арасында бастауыштың қарасы көп - 3 674, одан кейінгі орында орта білім беру мекемелері - 264 және 7 жоғары сыныпты мектеп. Тек соңғы бес жылда 158 мектеп жабылған, алдағы бес жылда тағы 107 мектептің есігіне құлып салынуы мүмкін. Әлемдегі туу кқөрсеткіші ең төмен елдердің біріне жаататын аталған елдің статистикалық басқармасының (KOSTAT) мәліметі бойынша 2024 жылы елдегі туу коэффициенті 0,748-ді құраған. Бұл көрсеткіш ұрпақтың орнын басу (халық санын бір қалыпты сақтау) үшін жеткіліксіз деңгей. Халықтың  жойылып кетпей, өспесе де бір қалыпты деңгейін сақтау үшін туу коэффициенті - 2,1 болуы керек. Осы жабылған 4008 мектептің 376-ы әлі күнге басқа мақсатта болса да пайдаланылмай текке тұр. Олардың 266-ның жабық тұрғанына он жылдан асса, 82 мектептің жабық тұрғанына 30 жылдан асып кеткен. Оқушылар санының қысқаруына байланысты өткен 2025 оқу жылында 2232 мұғалім қысқартуға ұшыраған. 

0 пікір
Мұрағат