Оңтүстік-шығыс Азиядағы ел бірнеше қылмыс бойынша өлім жазасын жойды
Оңтүстік-шығыс Азиядағы ел бірнеше қылмыс бойынша өлім жазасын жойды
21 күн бұрын 726 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Вьетнам тыңшылық, мемлекетке қарсы қызмет, парақорлық, т.б. ауыр қылмыстар бойынша 8 қылмысқа қатысты өлім жазасын ресми түрде жойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына жөн сілтеген Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, шілде айының 1-нен бастап өлім жазасы қолданылатын қылмыстар саны 18-ден 10-ға азаятын болды. Бұл шара Вьетнамның ұлттық жиналысының қылмыстық кодекске енгізілген түзетуді мақұлдауына байланысты қолға алынып отыр. Бұл елде өлім жазасы қолданылатын қылмыстардың қатарында билікті күшпен құлату, мемлекет инфрақұрылымына залал келтіру, жасанды дәрі-дәрмек өндірісіне жол беру, есірткі саудасы, тыңшылық, ысырапшылдық, парақорлық бұдан былай Вьетнамның қылмыстық кодексіне сәйкес өлім жазасы қолданылатын қылмыстар санатынан шығарылады. Енді осындай қылмыстарымен көзге түскен және тұтқындалған қылмыскерлерге өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрі Луонг Там Куангтың пікірінше, өлім жазасының ескі құрылымы бүгінгі өмір шындығымен сәйкес келмейді және қылмыстың алдын алуда тиімсіздік танытып отыр. Ал әділет министрі Нгуен Хай Нин қылмыстық заңнамадағы мұндай өзгеріс өз кезегінде Вьетнамның халықаралық беделін нығайтып, өзге елдермен қарым-қатынасына оң серпін береді. Осы уақытқа дейін өлім жазасына кесілгендерге шілде айының 1-нен бастап автоматты түрде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолдыналады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3