Орта Азия елі балгерге барғандарды жазалайды
Орта Азия елі балгерге барғандарды жазалайды
4 ай бұрын 818 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан билігі, дәлірегі, министрлер кабинеті ел парламентіне балгерлер мен көріпкелдер қызметін пайдаланғандарға айыппұл салуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы  centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мемлекет үкіметі Тәжікстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабын «Сиқыршының, балгердің, сәуегейдің қызметін пайдалану» тармағымен толықтыруды ұсынады. Бұл өзгерістерге сәйкес сиқыршыға, балгерге немесе сәуегейге жүгінгендерге 5-тен 10 есептік көрсеткішке дейін (375-тен 750 сомониге дейін (40-80 доллар мөлшерінде) айыппұл салынады. Осы орайда соңғы жылдары тәжік елінде эзотерикалық қызмет түрлерімен айналысатын тұлғалармен күрес күшейгенін айта кету керек. Өткен жылы ішкі істер министрлігі сиқыршылар мен балгерлерге немесе сәуегейлерге барып көзге түскен тұлғаларды арнайы тізімге алып, деректер базасына енгізетінін жариялаған еді. 2024 жылы, сондай-ақ, сиқырмен және балгерлікпен айналысатындарға жаза қатайтылды. Ел парламенті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 2-бөлігіне өзгертулер енгізіп, айыппұл мөлшерін тұрғындар үшін 80-100 көрсеткішке дейін арттырып, әкімшілік қамауға алу мерзімін 10 тәуліктен 15 тәулікке дейін ұзартты. Бұған қоса, Тәжікстан қылмыстық кодексінің 240-бабына түзетулер енгізілді – сиқырлықпен және балгерлікпен айналысқандарға енді (егер бұл әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалса) 1500-ден 2000 базалық мөлшерде айыппұл салынады немесе бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл әрекет үшiн тек әкiмшiлiк жаза көзделген. Тәжікстан ІІМ мәліметінше, осы жылдың алғашқы 6 айында Тәжікстанда 495 сиқыршылық және балгерлікпен айналысудың фактілері анықталды.

0 пікір
Мұрағат