|
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
|
Өзбекстанда перзент сүйген әкелерге ақылы демалыс берілуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы «Газета.uz» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті заң жобасы парламенттің төменгі палатасына енгізілді. Нәдір Тілеуілді есімді депутаттың сөзіне қарағанда, аталмыш заң жобасында қарастырылған талаптарға қарай бала туған сәттен бастап оның әкесіне бес күн ақылы демалыс беріледі. Жаңа босанған жарына көмектесу әрі қолдау көрсетуі үшін. Сондай-ақ, бұл бастама бойынша елдің еңбек кодексіне тиісті өзгертулер енгізіліп, гендерлік саласында жүргізіліп жатқан реформаның бір бөлігіне айналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады