Орта Азиядағы ислами қаржы: бүгінгісі мен ертеңгісі
|

Алдағы бес жылда Орта Азияда ислами қаржы елеулі өсетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Еуразиялық банктің, Ислами даму банк институтының (IsDBI) және Лондон қор биржасының (LSEG) бірігіп жасаған баяндаимасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндама Алжирде жыл сайын өтетін Ислами даму банкінің мәжілісінде ұсынылды. Баяндамада қамтылған деректер: Орта Азия аймағына кіретін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан халқының жалпы саны 82 млн адамға жеткен, яғни, 2000 жылғы көрсеткішке қарағанда 40%+-ға өскен. Бұл бағыттағы демографиялық өсу көрсеткіші жылына орташа есеппен 2%-ды құрайтын болады. Өткен жылы (2024) бұл аймақтың жалпы ішкі өнімінің жиынтығы 519 млрд долларға жеткен. Соңғы он жылда аймақтың ЖІӨ-сі орташа есеппен жылына 6,4%-ға артып отырған. 2000 жылдан бері сыртқы сауда айналымы 9 есеге өскен. Ал аймақ экономикасына тікелей тартылған инвестиция мөлшері 17 есеге артқан. Баяндамадағы мәліметке сәйкес 2024 жылдың басында Орта Азиядағы исламдық қаржы активтерінің мөлшері 699 миллион долларды құрады. «2024 жылға арналған исламдық қаржыландырудың дамуы туралы есепке сәйкес, Қазақстан исламдық қаржылардың даму деңгейі бойынша әлемде 19-орынды алады; бұл көрсеткіш дүниежүзілік орташа көрсеткіштен жоғары және Орталық Азия өңірінде көшбасшы. Орта АЗия өлкесінде ислами қаржы индустриясы ең алдымен ислам банкингісі мен сукук есебінен дамитын болады. Бұл арада инвестицияның басым бағыттарына энергетика, көлік, логситика, өнеркәсіп, азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік инфрақұрылым жатады. «Орта Азиядағы исламдық банк активтерінің мөлшері 2028 жылға қарай 2,5 миллиард долларды, ал 2033 жылға таман 6,3 миллиард долларды құрауы мүмкін», — делінген есепте. 2033 жылға қарай сукук активтерінің көлемі 5,6 миллиард долларға, ал исламдық банктердің активтері 6,3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Ислами даму банкі Орта Азияда жалпы сомасы 8,39 миллиард доллардан асатын 462 жобаны қаржыландырған екен. Өзбекстан өңірде іске асырылып жатқан жобалар саны мен тартылған қаржы ауқамы бойынша жетекші орынға ие. Бүгінгі таңда аталған елде 168 жоба іске асырылып, оның 73-і аяқталған, ал 95-і жүзееге асырылып жатыр. Ислами даму банкінің Өзбекстанға құйған қаржы мқлшері 3,974 миллиард долларды құрайды, бұл көрсеткіш Орта Азиядағы аталған банктен тартылған қаржының жартысына жуығын құрайды. Ал елімізге келсек, Қазақстан тартылған ислами қаржы мөлшері бойынша екінші орын алады. Елімізде 74 жоба іске асырылуда (одан 57-і аяқталды, 17-сі жалғасуда), ал жалпы қолдау ауқымы 1,656 миллиард доллады құрады. Аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда жобалар саны аз болғанымен, әрбір жобаның қаржыландыру үлесі жоғары. Ал Түркіменстанда 33 жобаға ислами қаржы тартылды - 1,387 миллиард доллар. Жобалардың 17-і аяқталып, 16-сы жалғасуда. Тәжікстанда ислами қаржыға 105 жоба – 825 млн доллар; оның 72-сі аяқталып, 33-і жалғасуда. Қырғызстан 82 жобаны іске асыруда ислами қаржыдан қолдау тапты, оның 63-і аяқталды, ал 19-ы жалғасуда. Қаржы мөлшері - 554 миллион доллар - бұл өңірдегі ең төменгі көрсеткіш, есесіне, бәрі аяқталған, бұл жайт ислами банкпен нәтижелі ынтымақтастықты көрсетеді. Жалпы алғанда, Орта Азия елдері жалпы сомасы 8,396 миллиард долларды құрайтын, аяқталған 282 және іске асырылу сатысында тұрған 180 жобаны қоса алғанда, 462 жоба бойынша ислами даму банкі тарапынан қолдауға ие болды.




