|
Орталық Азия 10 жыл ішінде жан басына шаққандағы жаңартылатын су ресурстарының 12% -ын жоғалтты
|
Жаңартылатын су ресурстарын жан басына шаққанда күллі әлем бойынша азайып келеді. Бұұл жайында islam.kz порталы EastFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы он жылда жаңартылатын су ресурстары күллі әлем бойынша жан басына шаққанда тағы 7%-ға кеміген. Бұл арада жыл сайын табиғи гидрологиялық цикл нәтижесінде орны толатын немесе мөлшері қалпына келетін тұшшы су қоры турасында сөз болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы келтірген дерекке қарағанда, 2015жылдан бері Лрталық Азия аймағы жан басына шаққанда жаңғыртпалы су ресурсының 12%-н жоғалтқан. Бұл көрсеткіш әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Орталық Азиядағы тұшшу су қорынан су ресурсының 82%-ы ауыл шаруашылығы үшін алынатын болып шықты. Десе де жағымды үрдіс байқалып отыр. Аталмыш өңірдегі тұшшы судан алынатын су мөлшері 9%-ға төмендеген. Яғни, 2015 жылы 123 млн текше метрден 2022 жылы 112 млн текше метрге дейін ахайған. Бұл аралықта осы өлкедегі су стресінің деңгейі 76,8%-дан 70,2%-ға дейін кеміді. Осылайша су ресурсы 8,6 %-ға үнемделген.
Тұшшы су ресурстарына қысым әлемнің барлық өңірлерінде күшеюде. 2022 жылы планетадағы су күйзелісінің орташа деңгейі 18% -ға жетті, алайда, жекелеген өлкелерде ол едәуір жоғары:
Солтүстік Африка - 121%;
Оңтүстік Азия - 76,7%;
Орталық Азия - 70,2%;
Батыс Азия - 65,1%.
Су күйзелісінің жоғары деңгейі жыл сайын алынатын су мөлшері оның табиғи жолмен қаалпына келу көлеміне жақындағанын немесе асып түсетінін білдіреді, ал бұл су экожүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық дамуға айтарлықтай қауіп төндіреді.