|
Осымен 57-ші елде балаларды шапалақпен тәрбиелеуге тыйым салынды
|
Шотландия билігі ел тұрғындарына балаларға қол көтеруге, дәлірегі, балаларын шапалақпен тәрбиелеуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Express and Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасы 16-ға толмаған балаларды ұрып-соғып жазалауға тыйым салатын заң жобасын шотланд парламенті өткен жылы қабылдаған болатын. Осы жылдың қараша айының 7-нен бастап қолданысқа енді. Осы орайда балаларды шапалақпен тәрбиелеуге әлемде тұңғыш рет 1979 жылы Швецияда заң жүзінде тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Шотландия мұндай тыйым салған осымен 57-ші ел. Мұндай заң келесі жылдың юасында, дәлірегі, 2021 жылдың қаңтар айында Уэльсте де мақұлдануы мүмкін - егер аталған заң қабылданса, 2022 жылы қолданысқа енеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Семіздік індеті корпорациялар үшін шайнамай жұтатын "майшелпекке" айналуда
■
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды