Өткен жылы Жапониядағы 20жастағы тұрғындардың 9,5 пайызын шетелдіктер құраған
Өткен жылы Жапониядағы 20жастағы тұрғындардың 9,5 пайызын шетелдіктер құраған
2 күн бұрын 288 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Vietnamese workers study Japanese at a food-processing company in Tokyo on Oct. 8, 2025. (Photo not for sale)(Editorial use only)(Kyodo) © Japan Wire by Kyodo News

2025 жылы Жапонияда 20 жастағы халықтың 9,5 пайызын шетелдіктер құрады, бұл  көрсеткіш2015 жылғы 4,1 пайыздан екі есе көп. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл пайыз одан әрі ұлғаюы мүмкін, себебі, үкімет жұмыс күшінің тапшылығын жою мақсатында 2027 қаржы жылынан бастап екі жыл ішінде 426 000 шетелдік жұмысшыны қабылдау жөніндегі жоспар жобасын сарапшылар тобына ұсынды. Basic Resident Register мәліметіне сәйкес күншығыс елі аумағындағы 20 жастағы шетелдік тұрғындар саны 2025 жылға дейінгі 10 жылдық кезеңде 680 000-ға өсіп, 1,22 миллионға жеткен, ал 20 жастағы жапондар саны 1,03 миллионға қысқарып, 11,64 миллионға жеткен. Шетелдіктер тек еңбек нарығында ғана емес, Жапонияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде де саны артып келеді. Барлық жас топтары бойынша шетелдік тұрғындар 2025 жылы жапон халқының 3,0 пайызын құрады. Күншығыс елінде қай мемлкеттің адамдары көптеп кездеседі? Қытайдан - шамамен 900 000 адам, одан кейін Вьетнам - шамамен 660 000 адам, қалғаны әлемнің әр түкпірінен келген.

0 пікір
Мұрағат