Өткен жылы күллі әлем бойынша еңбек мигранттарының отбасына, отанына қанша қаражат аударғаны белгілі болды
|

2024 жылы күллі әлем бойынша шетелде нәпақасын айырып жүрген, нәсілі мен ұлты әрқалай екі жүз еңбек мигранты отанында қалған отбасына, дәлірегі, шамамен 800 млн адамға (туған-туыстарына) 685 млн доллар ақша аударған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Непал, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан секілді табысы төмен елдер үшін, дәлірегі, 77 ел үшін ақша аударымы негізгі кіріс көзіне айналған. Бұл 77 елдің 30-ның жалпы ішкі өнімі 10%-дан әзер асады. Бұл қаражат (685 млн доллар) дамушы елдерге тартылған тікелей инвестиция мен ресми жәрдемнен көп асып түседі. Мәліметке қарағанда, еңбек мигранттарынан әр отбасы айына орта есеппен 300 доллар ақша алады. Цифрландыру науқаны ақша аударымының құнын 2030 жылға дейін 3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Яғни, жылына еңбек мигранттары 20 млрд доллар үнемдей алатын болады. Еңбек мигранттары кедейлікпен күресте елеулі үлес қосып келе жатқан топ.




