Өткен жылы Қытай халқының саны төртінші жыл қатарынан кеміді
Өткен жылы Қытай халқының саны төртінші жыл қатарынан кеміді
2 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: © Japan Wire от Kyodo News

Қытай билігі 2016 жылы “Бір отбасы - бір бала”саясатынан бас тартатын шешім қабылдаса да ел дмеографиясының ахуалы жылдан жылға төмендеп келеді. Өткен жылы (2025) Қытай халқының саны 1 404,89 миллионды құрады. Бұл көрсеткіш оның алдындағы (2024) жылмен салыстырғанда 3,39 млн адамға кем. Өткен жылы 7,92 млн бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 9,54 млн болатын. Қытай билігі тууды ынталандыру үшін түрлі шараларды қолға алғанымен нәтижесі болмай тұр. Жыл сайын жас үшке жетпеген әр бала үшін 3600 юан (517 доллар) жәрдемақы тағайындағандаса да ілгерлеушілік жоқ. 2025 жылы туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,63-ті құрады. Ал 1949 жылдан бері 2023 жылы алғаш рет 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 6,39-ке жетіп, жаңа рекордтық деңгейге жеткен еді. 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 0,3 пайыздық тармаққа өсіп, 15,9 пайызды құрады. 16-дан 59 жасқа дейінгі халықтың үлесі, яғни, еңбекке жарамды жастағылардың негізгі тобы 851,36 миллионды құрады - халықтың жалпы санының 60,6 пайызын құрайды, бірақ, өткен жылмен салыстырғанда 6,62 миллионға аз. 2021 жылы Қытай билгі ерлі-зайыптыларға үш балаға дейін табуға рұқсат бергенімен туу көрсеткіші көтеріліп кете қойған жоқ. Бұған ең алдымен тұрмыс ауыртпалығы себеп болып отыр. 1979 жылы енгізілген «бір бала» саясатын тоқтатудан басқа, Қытай 2025 жылдың қаңтарынан бастап халықтың тез қартаюы экономикалық өсімді тежеуі мүмкін деген қауіппен 15 жыл ішінде елдегі зейнеткерлік жасын біртіндеп көтере бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, Үндістан халқының саны джағынан 2023 жылы Қытайды басып озып, әлемнің ең көп тұрғыны бар еліне айналды. 2022 жылы Қытайдың халқы 61 жылда алғаш рет азайды.

0 пікір
Мұрағат