Өткен жылы түріктер ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер үшін рекордтық деңгейде қаражат жұмсады
Өткен жылы түріктер ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер үшін рекордтық деңгейде қаражат жұмсады
4 ай бұрын 463 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2024 жылы Түркия билігі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ізденіске орталық бюджеттен 178 млрд 580 млн түрік лирін бөлген екен. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның статистика институты (TÜIK) жариялаған «Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге орталық бюджеттің қаржысы мен шығыстары - 2025» атты есепте келтірілген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресми мәліметке сәйкес бұл қаражаттың үлесі жалпы орталық бюджеттің 1,51% -ын және өткен жылы 43 трлн 410 млрд 514 млн лирге жеткен жалпы ішкі өнімнің 0,41% -ын құрады. Бастапқы бюджеттік қаражат негізінде 2025 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге 236 млрд 262 млн лира бөлінуі мүмкін. 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қатысты шығыстарды жіктеу кезінде ең көп үлес жоғары оқу орындарына тиесілі болды: университеттерде жалпы ғылыми білімді дамытуға бөлінген қаражаттың көп бөлігі - 68,3%. Одан кейін өнеркәсіп өндірісі мен технологиялар - 9,3%, басқа көздер есебінен жалпы ғылыми білімді дамыту - 5,2%, ауыл шаруашылығы - 4,3% және қорғаныс - 4%. 2025 жылға арналған болжамға сәйкес бюджет қаражатының 69,5% -ы тағы да университеттік зерттеулерге бағытталатын болады. Өнеркәсіптік өндіріс пен технологиялар 7,9% үлеспен екінші орынды алады, одан кейін жалпы ғылыми білімді дамыту (5,4%), ауыл шаруашылығы (4,8%) және қорғаныс (3,6%).

0 пікір
Мұрағат