|
Өз денесінде үшінші құлақ өсірді
|
Австралия профессоры өз денесінде үшінші құлақ өсірді. Әрине, өсірді деп асыра айтылған шығар. Десе де ол құлақ түріндегі арнайы каркасты орналастырған. Ол жасушамен және қан тамырларымен бірігіп кеткен. Ең қызығы, ол мұнда қадамға не үшін барды деген сауалдың жауабында жатыр. Сөйтсек, профессор бұл құлақты Wi-Fi және GPS жүйелерімен жабдықтаған екен. Ендігі жерде қалаған адам ғаламтор арқылы арнайы арнаға қосылып, ғалымның не естігенін ести алатын болады. Бұған қоса, оның қайда жүргенін де біле алатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды