Өзбек билігі діни әдебиеттерге қатысты ережені бекітті
Өзбек билігі діни әдебиеттерге қатысты ережені бекітті
5 ай бұрын 803 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан үкіметі ел аумағында діни мазмұндағы әдебиеттерді тексеру жөніндегі ережені бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы Podrobno.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, көрші ел билігінің бұл шешімі діни мәтіндегі әдебиеттерді әзірлеу, тарату тәртібін реттейді. Діни әдебиеттер министрлер кабинетіне қарасты дін істері жөніндегі комитеттің діни, мемлекеттік саоапшыларының мақұлдауынан кейін халыққа таратуға рұқсат етіледі. Аталмыш ереже талаптарының бірі - діни кітаптың атауы, мазұмны, авторы, баспасы мемлекеттік тілде көрсетілуі тиіс. Ал тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленеді. Өзбекстан аумағында діни материалдар заңсыз жолмен дайындалған (басылған), сақталған, таратылғаны үшін айыппұл салу жазасы қарастырылған. Осы орайда 2023 жылы елімізде діни әдебиеттерге мектеп қабырғасында тыйым салынғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат