|
Өзбек үкіметі жеңіл жүрісті қыздарға жұмыс тауып берді
|
"Өзбекстанның Бұхар облысының басшылығы жеңіл жүрісті қыздарға арнайы шара қолданып, оларды мақта жинату үшін егістік алқабына алып кетті" - деп хабарлайды "Озодлик" радиосы. Жергілікті милицияның бұл операциясы жайында куәгерлердің аузынан естіген.
Қарақұл ауданының тұрғыны Асад Саломовтың айтуынша, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеңіл жүрістілерді мақта басына алып кеткен. "Мен балконнан қарап тұрдым. Қатарға тұрғызып, аттарын атап бір түгелдеп алды да, автобусқа отырғызып мақта теруге әкетті" - дейді Асад.
Бұхар облысының ІІБ мәлімдеуінше мақта жинау жұмыстарына жеңіл жүрісті қыздар, нашақорлар және маскүнемдер тартылған. Жалпы алғанда мақта жинауға 800 тәртіп бұзушы жұмылдырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр