|
Өзбекстан әуежайында намазхана ашылды
|
Ташкент қаласындағы өзбектердің тұңғыш президенті Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда намазхана ашылды. Бұл жайында "Өзбек әуежолы" ұлттық әуе компаниясы өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. Намазхана аталған әуежайдың терминалдарының бірінде ашылған. Онда дәрет алуға арнайы орын бөлінген. Тәулік бойы есігі ашық тұрады. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған елде 32,5 млн халық тұрады. Оның 94%-ы мұсылман. 3,5%-ы православ христиандар, қалғаны өзге наным-сенімдегі азаматтар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)