|
Өзбекстан азаматтарының төрттен біріне жуығы діни себептермен несие алмаған
|
Орта Азияның жасанды зерде қауымдастығының төрағасы Владимир Норов Өзбекстанда халықтың шамамен 15-20 пайызы діни сеніміне байланысты дәстүрлі несие жүйесін пайдаланбайтынын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Рodrobno.uz ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшы мұндай деректі Ташкент қаласында өткен халықаралық PLUS Digital Uzbekistan форумында келтірді. Бұл шара барысында сарапшылар Орта Азия елдеріндегі исламдық қаржыландыру мен исламдық банкингтің проблемалары, мүмкіндіктері мен болашағын талқылады. Владимир Норовтың айтуынша, азаматтардың 75%-ы және кәсіпкерлердің 61%-ы исламдық қаржыландыру жүйесіне жүгінуге дайын екенін атап өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды