Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр
Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр
5 ай бұрын 706 kaz.inform.kz Жарасқан Нұрыбаев

KAZINFORM – Өзбекстанда 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бес жыл мерзімге тұруға рұқсат алудың оңтайланған тәртібі енгізіледі. Бұл норма президенттің 18 сәуірдегі жарлығында бекітілген, деп хабарлайды Gazeta.uz республиканың Әділет министрлігіне сілтеме жасап. 

– Құжатты алу үшін өтініш беруші 200 мың АҚШ долларын, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесі – жұбайы, балалары мен ата-анасы үшін 100 мың доллардан төлеуі керек, – делінген хабарда.

Республика билігі осылайша елге жаңа инвестиция тартуға үмітті.

Елде тұру ықтиярхаты – азаматтығы жоқ адамның немесе шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын, Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсатты растау үшін берілетін құжат.

18 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бизнес үшін салық жеңілдіктерін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, президент жарлығымен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру туралы анықтаманы ақылы түрде беруді жеңілдету қарастырылған.

Жарасқан Нұрыбаев

0 пікір
Мұрағат