Өзбекстанда кәмелет жасына толмағандарға заңсыз діни білім бергендерге қылмыстық жауапкершілік енгізілді
Өзбекстанда кәмелет жасына толмағандарға заңсыз діни білім бергендерге қылмыстық жауапкершілік енгізілді
26 күн бұрын 727 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан сенаты кәмелет жасына толмағандарға арнайы рұқсатсыз және қандай да бір мамандыққа баулымайтын діни білім бергендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңды мақұлдап  бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы gazeta.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін қолданысқа енетін заң талаптарына сәйкес мұндай әрекетпен көзге түскендерге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Дәлірегі, Өзбекстан республикасының қылмыстық кодексінің 229-2 бабына енгізілген өзгерту кәмелет жасына толмаған балаларды теріс пиғылды діни ағымдардан қорғауға бағытталған. Қылмыстық кодекстің 229 − 2-бабының жаңа редакциясына сәйкес арнаулы діни білімі жоқ және тиісті, құзырлы органының рұқсатын алмаған діни ұйымның өкілі кәмелетке толмаған балаға өз бетінше діни білім берсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Бұл тараптағы жазалау шаралары:

• 50-ден 100 базалық есептік шамаға дейінгі мөлшерде айыппұл салу (қазіргі уақытта 18,75-тен 37,5 млн сомға дейін);

• 360 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға жегу;

• 3 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарыне жегу;

• 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу;

• не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Қазіргі уақытта діни білімі жоқ адамның өз бетінше, яғни, тиісті орынның рұқсатынсыз (діни білім алушының жасына қарамастан) оқытқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: 5-тен 10-ға дейін есептік айлық көрсеткіш бойынша 1,87-ден 3,75 млн сомға дейін айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке абақтыға жабылады. Егер қайталанған жағдайда қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Осы орайда 2025 жылдың ақпан айынан бастап Өзбекстанда өз балаларын лицензиясы жоқ мекемелерде діни оқуға тартатын ата-аналарды жазалауды қарастыратын заң күшіне енгенін айта кетпекпіз. Алғаш рет - 5 есептік айлық көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу, қайталанған жағдайда - қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3