Өзбекстанда күштік құрылымдар мен аз қамтылғандарға құмар ойнауға тыйым салынды
Өзбекстанда күштік құрылымдар мен аз қамтылғандарға құмар ойнауға тыйым салынды
5 ай бұрын 1218 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда букмекерлік қызметтер мен ұтыс ойындарының талаптары мен шарттары, сондай-ақ, құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған белгілі бір азаматтар санатының тізімі бекітілді. Бұл жайында islam.kz порталы  Norma.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Интернеттің дүниежүзілік ақпараттық желісінде тәуекелге негізделген ойындарды, лотереялар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыруды лицензиялау туралы» ереже бойынша мына санаттағы тұлғалар ққұмар ойындарға жіберілмейді:

-        сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

-        әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізілімінде тіркелген және олардың отбасы мүшелері;

-        «темір», «жастар» және (немесе) «әйелдер» дәптеріне енгізілген адамдар;

-        кәмелетке толмағандар;

-        прокуратура, ішкі істер, ұлттық ұлан және кеден органдарының қызметкерлері;

-        әскери қызметшілер;

-        қызмет атқару кезінде күзет бөлімшелерінің қызметкерлері;

Аталмыш ережеде, сондай-ақ, букмекерлік қызметті жүзеге асыруға және лотереяларды ұйымдастыруға лицензия алудың негізгі шарттары көрсетілген:

-        құмар ойындарын ұйымдастырушылар тек Өзбекстан резиденттері бола алады;

-        электрондық платформа Өзбекстан аумағындағы серверлерде орналасуы тиіс;

-        өтініш берілген күні ақшалай қаражат түрінде белгіленген мөлшерде қалыптастырылған жарғылық капиталдың болуы;

-        ұтыстарды төлеу, ставкаларды қайтару, салық міндеттемелері және басқа да міндеттемелер бойынша ықтимал берешектерді жабу үшін жеке шотта резервтік қор құру;

-        қылмыстық кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл саласындағы Өзбекстан заңнамасының, сондай-ақ дербес деректерді сақтау мен пайдалану және жарнама жөніндегі талаптардың сақталуы;

-        интернеттің ұлттық сегментінің бір домендік атауын пайдалану;

-        ақшалай қаражатты қабылдау және ұтыстарды төлеу тек қана ойыншылар мен ставкалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімі арқылы жүзеге асырылуы тиіс;

-        барлық ойын жабдықтарының, бағдарламалық қамтамасыз етудің және құрылғылардың уәкілетті органдар мен зертханалардан тиісті сертификаттары болуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат