Өзбектер АІ өнімдерін шығарады
Өзбектер АІ өнімдерін шығарады
3 күн бұрын 341 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан аумағында мемлекет басшысы Шапқат Мірзейдің жарлығымен Enterprise Uzbekistan деп аталатын халықаралық цифрлы технология орталығы құрылады. Осылайша көрші ел  аймақтық ІТ-хабына айналудың алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арнайы орталық бағдарламалық жасақтама, цифрлы консалтинг әзірлеумен шұғылданады, сондай-ақ, қашықтан аутсорсингтік қызмет көрсетумен айналысады. Бұдан бөлек, Enterprise Uzbekistan базасында видео ойындар, цифрлы контенттер жасалды және АІ (жасанды зерде) технологиясы негізіндегі өнімдер шығарылады. Аталмыш орталықты құру үшін халықаралық талаптарға толық жауап беретін құқықтық режим жұмыс істейтін бөлек аумақ қарастырылады. Осыған дейін республика жетекшісі қаржы технологиясын дамытуға алдағы бес жылда 1 млрд долларға тарта қаржы тартуды мақсат ететіндерін жариялаған болатын. Келесі жылы (2026) бұл елде цифрлф валютаны пайдалануға қатысты жоба іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат